«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАНЫМ КӨКЖИЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық ойын өтті.

Оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ойларын ортаға салып, бай, шұрайлы, тегеуріні мықты қазақ тілі туралы пікір білдірді. Интеллектуалдық ойынға қатысушылар  елімізде тату-тәтті тұрып жатқан этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен қазақ халқының ұлттық ою-өрнектеріне қатысты  сауалдарға жауап берді.

Бұл шара балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, бір-бірімен пікір алмасуына ықпал етті.

 Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

«Soltústik Qazaqstan»

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp