«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті бағаны негізсіз өсірді деген күдікпен құс етінің бөлшек аудасымен айналысатын жергілікті екі компанияға қатысты тексерісті аяқтады. 

– Тексеріс жүргізуге өткен жылдың қазан айында құс етінің өнімдері, дәлірек айтқанда – “КазКур” сауда павильондарында сатылатын тауықтың сан еті мен сирақтары бағаларының 10 пайызға көтерілуі негіз болған еді. Біздің мамандар жергілікті “Мелана СК” және “Куриный Рай” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшыларының өзара келісіп, бағаны өсіргендерін анықтады. Бәсекелестікке қарсы заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлер жауап беретін болады, – дейді департамент бастығының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Тергеу қорытындыларына сәйкес, департамент жергілікті кәсіпкерлерге қатысты монополияға қарсы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым шығарды. Материалдар Петропавл қаласы әкімшілік сотына жіберілді. 

Заңды бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз тапқан пайдасының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp