«Нұр Отан» партиясы Қазақстанның барлық қалаларында Бірыңғай әлеуметтік терезе ашуды жоспарлап отыр.
Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы көпбалалы аналар өздеріне қандай көмек тиесілі екенін біле алады. Бұл жоба қазірдің өзінде Алматыда жүзеге асырылып жатыр.Сонымен қатар «Бақытты отбасы» жобасы аясында нұротандықтар аулаларды аралап, қандай отбасылар көмекке мұқтаж екенін, қандай балалар қауіп аумағында жүргенін, оларға нақты қандай көмек керектігін анықтамақшы.