Бүгін Петропавлдағы Оқушылар сарайында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс жиырма тоғызыншы конференциясы өтті. Конференция делегаттары партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. Алқалы жиында Астана қаласында өтетін партияның кезекті он сегізінші съезіне делегаттар сайланды.