Кениялық фотограф Уилл Беррар-Лукас пантераның өте сирек кездесетін түрі – қара қабыланды суретке түсіріп алды.
Фотограф леопардтың осы түрін көруді көптен армандаған екен. Кенияның Лайкипиа графтығында қара қабылан бар екенін естіп, Сан-Диего зоопаркінің ғалымдарымен бірге экспедицияға шыққан. Бірнеше жерге камералар орнатып кеткен ол қара леопардтың суретін көріп, қатты таңғалыпты.
Айта кету керек, қабыланның қара болуы өте сирек кездесетін генетикалық мутацияға жатады. Ең соңғы рет қара леопард 1909 жылы суретке түсірілген.
https://www.inform.kz/kz/kara-kabylan-100-zhylda-algash-ret-fototuzakka-tusti_a3498497