«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯҚТАН СЫЗ ӨТСЕ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыста адам жылы киініп, аяқтан суық өткізіп алмауы керек. Өйткені, аяқтан өткен сыз бірден денеге таралады. Мұрын бітеліп, көз жасаурап, жөтел, түшкіру пайда болады. Қыс мезгілі былай тұрсын, аптап ыстықта да кейбір адамның аяғы мұздап, терлейді. Жанға батып ауыртпаған соң көбі дәрігердің көмегіне жүгінуге асықпайды. Дегенмен, аяқтан сыз өткенде, үйде аурудың алдын алу үшін қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдану артық емес.

Ол үшін қабығымен қайнатылған картопты екіге бөліп, табанға таңып, оның сыртын шүберекпен орау керек. Бұл компресті шамамен 30 минут ұстайды. Сондай-ақ, 2 шай қасық қыша салынған жылы суға аяқты малуға болады. Алты пайыздық алма сірке суымен аяққа массаж жасау да пайдалы. Табан мен саусақтың айналасын алма сірке суымен сүрткен де артық етпейді. Аяқтан өткен суықты емдеуге арақтың да көмегі зор. Ол үшін алақаныңызға арақты құйып алып, аяқты, балтырды баяу уқалау керек. 200 гр. араққа 2 шай қасық қызыл бұрышты араластырып, он күн қараңғы жерге қойған жөн. Дайын болған тұнбамен аяқты сүртуге болады. Емді ұйқыға жатар алдында жасау керек. Балаларға арналған крем немесе вазелинге қызыл бұрышты, гүлшетен (розмарин) мен камфор майын араластырыңыз. Дайын болған кремді табанға біркелкі жағады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp