«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮНЖІТТІҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күнжіт – біржылдық өсімдік. Оның құрамында адам ағзасына пайдалы заттар өте көп. Алайда, оны қолдану жолы әртүрлі, тағам ретінде де, емдік дәрі ретінде де пайдалануға болады. Әсіресе, күнжіт майы көптеген ауруға ем. Ол өте құнарлы әрі құрамында көмірсулар мен аминқышқылдар, ақуыздар бар.

Сонымен қатар А, В, С, Е дәрумендері мен кальций, фосфор, темір, калий, магний секілді минералды заттар да кездеседі. Күнжітті тек суға жібітіп жегенде ғана әсер етеді. Егер оны қуырып, қандай да бір тағамға қосса, оның құнары жойылып, тек дәмдеуіш ретінде ғана пайдасын береді. Жоғарыда айтып өткендей, күнжітте кальций көп. Сонымен қатар жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, ас қорытуды қалпына келтіреді. Күнжіттің құрамындағы фитостериннің көмегімен атеросклероз ауруын емдейді. Бірақ оны күн сайын жеуге болмайды. Әсіресе, ашқарынға жеген күнжіттің зияны өте мол.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp