«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Қазақ мектеп-гимназиясында “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл шара әрқайсымыздың бойымызда ізгі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.

Онкүндік барысында ұжым арасында “Ақиқат” – ақ, “Сүйіспеншілік” – қызыл, “Дұрыс әрекет” – сары, “Ішкі тыныштық” – көк, “Қиянат жасамау” – жасыл түс болып белгіленіп, ұстаздар мен оқушылар әр құндылыққа сай түрлі-түсті киім киіп, тренингтерге қатысты. “Денсаулық күні” мектеп ұжымы мен оқушылар флэшмобқа қатысып, үзіліс кезінде жаттығу жасады. Талантты оқушылар арасында “Атадан қалған асыл сөз” атты дәйекті сөздер сайысы, “Өмір мен сені сүйемін” көңілді және тапқырлар ойыны, ата-аналардың қатысуымен “Бәрі де махаббаттан басталады” тренингі, “Бәріміз біргеміз!” командалық сайысы, «Жүрек жылуы» жәрмеңкесі, кітап және сурет көрмелері, ашық сабақтар және тағы басқа іc-шаралар өткізілді. Онкүндіктің соңында белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздар арнайы сыйлықтарға ие болды.

 Айдана ЕСКЕНОВА,

қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp