Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбітбек Жайлыбаев жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
47 жастағы Бейбітбек Шыңдалыұлы – Қызылорда облысының тумасы. Мамандығы бойынша зооинженер, экономика бакалавры. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, аудандық, облыстық атқарушы органдарда қызмет еткен. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.