«Болашақ» халықаралық стипендиясынан үміткерлер үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталды.
Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша беріледі. Құжаттарды тамыздың 31-не дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары және egov.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады екен. Қазақстандық студенттер жүзден астам үздік шетелдік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады.
https://www.inform.kz/kz/bolashak-bagdarlamasyna-kuzhat-kabyldau-bastaldy_a3499181