Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко “Оман туры” көпкүндігінде бақ сынауда.
Оман сұлтанатында өтіп жатқан додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 124 спортшы сайысқа түсуде. Жерлес велошабандоз бірінші кезеңде мәре сызығын 35-ші болып кессе, екінші сында жеңімпаз атанды. Ол 156,5 шақырымды 4 сағат 7 минут 19 секундта бағындырды.
Алексей Луценко былтыр аталмыш жарыстың жеңімпазы болғанын айта кеткен жөн.