«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«НҰРЛЫ ЖЕРДЕН» ДЕ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«7-20-25» бағдарламасына қатысушылар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған пәтерлерді сатып ала алады.

Тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер 2019 жылдың басында күшіне енді. Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді.

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы өңірлерде қарқынды жүргізілуде, әрі бағасы нарыққа қарағанда арзанырақ: 1 шаршы метрінің бағасы Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 мың теңге болса, басқа өңірлерде 140 мың теңге.

«7-20-25» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасының үйлерін алу үшін әкімдікте кезекке тұру немесе ай сайын депозитке ақша жинаудың  қажеті жоқ, пәтерді таңдап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салса жеткілікті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 20 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр.  

  https://www.inform.kz/kz/7-20-25-membagdarlama-boyynsha-salyngan-paterlerdi-satyp-aluga-bolady_a3499186

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp