Петропавл қаласындағы «Ударник»түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен «Лексус» көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты кезекті сот отырысында прокурор соттан оқиға орнынан қашып кеткен айыпталушыны қауіпсіздігі төмен түзету мекемесіне, яғни қоныс колониясына төрт жылға қамауға алып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады. Айыпталушының анасы мен зайыбы да кішкентай балаларының өсіп келе жатқанын айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Илья Старухин қайтыс болған Ксения Овсянникованың туыстарынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, анасыз қалған қызға көмектесетінін, ал әпкелеріне сот тағайындаған моральдық зардапты өтейтінін айтты.