«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛСІЗДІКТІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денеде әлсіздік пайда болса, таза ауада үш сағаттай серуендеу үлкен нәтиже береді. Адамды тыныштандырып, ағзаны қалпына келтіру үшін итмұрынның тұнбасы да жақсы әсер етеді. Ол үшін жарты литр су құйылған ыдысқа бір ас қасық кептірілген итмұрынды салып қайнатады. Сонымен қатар жалбыз (мята), киікоты (душица), тасшөп (тимьян), шайқурай (зверобой), таңқурай, шетен (рябина), бүлдірген (земляника) мен қара қарақаттың әрқайсысынан бірдей көлемде алып, араластырыңыз.

1 стақан қайнаған суға қоспаның 1 ас қасығын салып, тұндырасыз. Белгіленген уақыттан соң сүзіп алып, емдік шайды 1 стақаннан күніне 3 рет қабылдайсыз. Жөкені (липа) қайнатып ішіңіз. Бұл емдік шайдың миыңызды тынықтырып, күш-қуат сыйлайтынын байқайсыз. Бақбақ (одуванчик) гүлінен тосап қайнатып, шайға қосып ішіңіз. Бұл шай ширақтық сыйлайды. Балық майының да көмегі орасан. Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтанудан бұрын қабылдаңыз. Сонда әлсіздікті жеңесіз.

В дәрумені мен минералды заттарға бай анар шырыны да әлсіздікпен жақсы күреседі. Бұл шырынды үзбей ішіп жүрсеңіз, жанарыңыз жасарып, теріңіз тегістеледі. Бірақ анар шырынын сығып дайындаған соң 15 минуттың ішінде ішіп тауысу керек. Әйтпесе, ол құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp