“Жаһандық ядролық қауіпсіздік” халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан әскери институтына екі жаңа электронды тир орнатылды. Заманауи қондырғылардың ашылу салтанатына Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің жанындағы қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры, подполковник Стивен Колдер бастаған топ пен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қатысты. Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.