«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРПАЗ БАЛҒЫНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында жас музыканттар арасында “Дебют” атты облыстық байқау өтті. Байқауға 70-ке жуық өнерпаз қатысты. Олар екі аталым бойынша фортепьянода ойнап, сайысты. Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева бұл шараға республикалық байқаулардың жеңімпаздары да қатысқанын айтып, Тайынша өнер мектебінің оқушылары белсенділік танытқанын жеткізді. Ал Айыртау ауданынан келген Лиля Вафина фортепьяношы болуды армандап, атасының жолын қуған. Бұл сайыста кішкентай өнерпаз Ақан серінің “Балқадиша” әнін орындап, көпшілікті сүйсінтті.

Ертеңгі күні музыка саласында биік белестерді бағындыратын осындай дарынды ұл-қыздардың өнеріне тәнті болған қазылар алқасы әр баланың шығармашылығына жоғары баға берді. Музыканың тілін түсінуге тырысқан оқушылардың дайындығы жақсы. Байқау соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен медальдар табыс етілді.

 “Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp