«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2019

ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН САЙТ ЖАБЫЛДЫ

Солтүстікқазақстандық прокурорлардың араласуымен ел аумағында есірткі саудалап келген сайт жабылды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг барысында республика аумағында еш кедергісіз жұмыс істеп келген сайтты анықтаған.

АТА-АНА ҚАРАУЫНСЫЗ КӨШЕ КЕЗГЕН

Петропавлдық тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілген «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясының аясында көңіл көтеру орындарына рейд жүргізді. Нәтижесінде 18 жастағы досымен бірге Уәлиханов көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде ойнап отырған 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Оған және клубтың иесіне әкімшілік хаттамалар толтырылды.

ҚАУІПТІ ОЙЫНШЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары Тимирязев ауданына қарасты Ақжан ауылындағы және Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласындағы дүкендерден балалардың денсаулығына қауіп төндіретін ойыншықтарды тәркіледі. Олардың бірнешеуін зертханаларында тексерген мамандар зерттеу нәтижелері Қытайда жасалған ойыншықтардың құрамында зиянды заттардың шамадан тыс екендігін алға тартып отыр. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

САХНАДА – ДЕТЕКТИВТІ ДРАМА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының репертуары тағы бір қойылыммен толықты. Бұл жолы көрермендер назарына Джон Бойнтон Пристлидің “Wellcome inspector” атты детективті драмасы ұсынылды.

ЖЕРЛЕСІМІЗ А.ЛУЦЕНКОНЫҢ ЖЕҢІСІ

Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады. Жерлесіміз “Оман туры – 2019” велокөпкүндігінің екінші кезеңінде топ жарды.

ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЛДЕСТІ

Петропавл қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылған бәсекеге жетпістен астам балуан қатысты.

ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК

Облыс полицейлері жолда қалған екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті. Мамлютка – Қостанай трассасында соңында тіркемесі бар “КамАЗ” аударылды. Жүргізушісі зардап шекпеген. Белгілі болғандай, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Оқиға орнына арнайы техника шақырылып, жүк көлігін жолдың үстіне сүйреп шығарды.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Өңіріміздің тәртіп сақшылары Көкшетау қаласындағы әріптестеріне бірнеше қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздеп табуға көмектесті.

ТІЛСІЗ ЖАУ

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың соңы сан соқтыратыны белгілі. Өткен жылы өңір аумағында 742 өрт тіркелді. Соның салдарынан 37 адам қаза тауып, материалдық шығынның мөлшері 102 миллион теңгені құрады. Құтқарушылар 1174 азаматты қауіпсіз жерге шығарып, 478 млн. теңгенің материалдық құндылықтарын сақтап қалды.

БӘРІ ДЕ, АНА, БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ

Ертең Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында қыз-келіншектердің қатысуымен “Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады” атты облыстық аналар форумы өтеді.

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

ЖАРЫҒЫН ЖАҚҚАН КЕЗДЕ ТҮНГІ КЛУБ жастардан шығып жатыр түрлі қылық (“Soltústіk Qazaqstan” газеті, 7 ақпан 2019 жыл) Көңілімізде үрей бар Даңғаза музыка, ұрпақтың болашағына балта шапқан арақ-шарап, жастардың басын айналдырған қорқор, тіпті, жан түршіктірер есірткі саудасының ордасы да осы түнгі клубтар емес пе?! Баламыз үйден шықса, түн ұйқымыз төрт бөлініп, екі көзіміз есікте, қашан келеді …

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ Read More »

ҰСТАЙ АЛМАСАҢ – ҚАСІРЕТ

Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді діннің атын жамылған теріс пиғылды ағымдар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін екендігіне соңғы кезде ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанынан шықпайтын, айдағанға көнетін тобырға айналдыру. Бір сөзбен айқанда, оларды жанды қуыршақ сияқты басқарғысы келеді. “Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – …

ҰСТАЙ АЛМАСАҢ – ҚАСІРЕТ Read More »

ЖАУАПСЫЗ ТҰЛҒАЛАР ЖАЗАЛАНДЫ

Былтыр облыс бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде 1483 бас малдың бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталды. Ветеринарлық заңнаманы бұзған 270 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 6,1 млн. теңге айыппұл салынды.

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

Өңірде жіті респираторлық вирусты инфекцияның таралу көрсеткіші өткен жылға қарағанда, 8,8 пайызға төмен. Яғни, 2018-2019 жылдардағы эпидемиялық маусымда 18920 адам вирус жұқтырған. Олардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 60 адам тұмауға шалдығып, оның 98,3 пайызында аурудың “А” және “В” типі анықталды. Тұрғындардың әлсіз тобын иммундау үшін 2018 жылы жергілікті бюджеттен 51 миллион теңге …

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ Read More »

ЖАРҒАЙЫҢДАҒЫ ЖЕР ДАУЫ

Есіл ауданындағы “Жарғайың СҚ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен үлескерлер арасындағы текетіреске нүкте қойылар емес. Редакцияға хабарласқан ауыл тұрғыны Таупық Ерманов елді мекенге қаржылай қолдау көрсетпек түгіл, ауыл азаматтарын жұмысқа алмай отырған инвестордан 15 жылдан бері өздеріне тиесілі жер телімдерін қайтара алмай жүргендердің қатары қалың екенін жеткізді. Серіктестіктің кейбір мүшелері сотқа шағым түсіргенімен, бірнеше жылдан бері …

ЖАРҒАЙЫҢДАҒЫ ЖЕР ДАУЫ Read More »

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ТЕТІГІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: тұрмыс пен табыс сапасын арттыру” атты Жолдауында Үкіметке мемлекеттің қолдауына мұқ­таж көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тетігін жетілдіруді тапсырған болатын. Бұрнағы күні Петропавлда облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің төрағалығымен өткен жедел штабтың отырысында осы мәселе әңгімеге арқау болды.

ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай Жастар сарайында салтанатты шара өтіп, оған өңіріміздегі интернационалист-жауынгерлер жиналды.