«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІТІМГЕРЛІК — СОТҚА БЕДЕЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғарғы соттың төрағасы биылғы жылды сот төрелігінің сапасын жақсарту жылы деп жариялаған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

– Еліміздегі сот жүйесі соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Әсіресе, кеңейтілген отырыста Жоғарғы соттың төрағасы “Сот төрелігінің жеті түйіні” жобасының аясында атқарылуы тиіс негізгі қадамдарды атап көрсеткені жұмысымызға жаңа серпін берді. Бұл жобалар республикада, соның ішінде облыс соттарында да табысты жүзеге асырылуда. Қанат-қақты жобалардың негізгі мақсаты – тұрғындар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, – деді Ерлан Жұмаханұлы.

Былтырғы қазан айынан бастап облыс соттарында “Отбасылық сот” қанатқақты жобасы іске қосылды. Оның басты мақсаты тараптарды медиациялық келісім арқылы татуластыру болып табылады. Бүгінде бұл жоба Петропавл қалалық №2 және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Ерлан Жұмаханұлы өңірімізде іске қосылған “Виртуалды сот”, “Smart Sot”, “Үлгілі сот”, “Түнгі сот” және басқа да қанатқақты жобалардың жүзеге асырылу барысынан хабардар етті.

Баспасөз мәслихатында азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жайы әңгіме арқауына айналды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленконың айтуынша, былтыр облыс соттарына түскен қылмыстық істердің саны 23,3 пайызға азайған. Алдын ала тергеу сатысында тараптардың өзара келісімге келуіне байланысты тоқтатылған қылмыстық істер саны тоғыз пайызға артқан.

– Соттарда қаралған шағын және орта ауыр қылмыстар 16,6 пайызға азайды. Бір жыл ішінде 1892 істің 751-і тараптардың татуласуымен тоқтатылса, оның 503-інде медиация әдісі қолданылды. Медиаторлардың қатысуымен қаралған қылмыстық істер саны 2017 жылға қарағанда 6,8 пайызға көбейді, – деді Владимир Кириленко.

Өткен жылы 1065 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылса, 26 адам ақталған. Оның 13-і – мемлекеттік, екеуі – жеке айыптаушылардың ісі. Сонымен қатар апелляциялық инстанциядағы сот бірінші инстанцияда кінәлі деп танылған бес азаматқа қатысты айыптау үкімін жойып, оларды ақтады. Осылайша, мемлекеттік айыптаулар бойынша ғана ақталғандардың саны 18 есеге өсті.

Азаматтық істердің қаралуы жайлы облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов баяндады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp