Ертең Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында қыз-келіншектердің қатысуымен “Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады” атты облыстық аналар форумы өтеді.
Шараны қалалық білім бөлімі мен облыстық аналар кеңесі ұйымдастыруда.
Әйел адамның қоғамда алатын орны, олардың отбасындағы беделі, бала тәрбиесі. Шара барысында асыл аналар Сәлима қажы Балтабаева мен Ырысжамал Әленова осы тақырыптарды кеңінен қозғамақ. Сондай-ақ, онда “Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі”, “Сыйынар ем ана деген тәңірге” және “Асыл ана болу – өнер” деген тақырыптарда көрме және бейнесюжет тамашаланады.
Шеберлік сыныбы мен пікірталастан соң шараға қатысушылар аталмыш театр ұжымы әзірлеген “Ана” спектаклін тамашалайтын болады.
Гүлбике КУБЕНОВА.