«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСІМІЗ А.ЛУЦЕНКОНЫҢ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады. Жерлесіміз “Оман туры – 2019” велокөпкүндігінің екінші кезеңінде топ жарды.

Маскат қаласында басталып, Аль Бустан қаласында аяқталған бұл сайыс таулы жерде ұйымдастырылды. Кезең барысында қазақстандық велоспортшы Аль Жиссах қыратында, яғни мәреге 5 шақырым қалған кезде қарқын қосқан. Сөйтіп, қарсыластарын шаң қаптырған жерлесіміз 156,5 шақырым қашықтықты 4 сағат 7 минут және 19 секундта бағындырды. “UAE-Team Emirates” командасының өкілі Александер Кристофф екінші болса, үшінші орынды “Team Dimension Data” клубының шабандозы Райан Гиббонс иеленді. Осылайша, жерлесіміз велокөпкүндіктің жалпы есебінде екінші орынға көтерілді.

Оманда өтіп жатқан додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 18 кәсіби велокоманда қатысып, жарыс жолында 120-дан астам велошабандоз сынға түсуде. Алты кезеңнен тұратын бәсекенің жарыс жолы 914,5 шақырымды құрайды.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp