«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері жолда қалған екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті. Мамлютка – Қостанай трассасында соңында тіркемесі бар “КамАЗ” аударылды. Жүргізушісі зардап шекпеген. Белгілі болғандай, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Оқиға орнына арнайы техника шақырылып, жүк көлігін жолдың үстіне сүйреп шығарды.

Дәл сол күні Шал ақын ауданының аумағындағы Жезқазған – Петропавл тасжолында арпа тиелген “КамАЗ” көлігі жолда қалған. Қозғалтқышының істен шығуына байланысты жүргізуші тоқтауға мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, көмек қолын созды.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp