Петропавлдық тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілген «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясының аясында көңіл көтеру орындарына рейд жүргізді. Нәтижесінде 18 жастағы досымен бірге Уәлиханов көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде ойнап отырған 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Оған және клубтың иесіне әкімшілік хаттамалар толтырылды.