«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ ҰСТАНЫМ — АШЫҚТЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов Петропавл қаласы шағынаудандарының тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге келе алмағандар әлеуметтік желі арқылы сауал жолдады.

Алғашқы қабылдау Жұмысшы кентінде өтті. Сұрақтардың дені қылмыстық істерді қарастыру барысына, әкімшілік, көші-қон заңнамасын түсіндіру, автокөлікті есепке қою және есептен шығару, полиция органдарына жұмысқа орналасу жөнінде болды.

Әлеуметтік желі арқылы медициналық білімі бар жас қыз құқық қорғау органдарына қызметке орналасу мүмкіндігі жайлы білгісі келді. Оған департаменттегі кадр жұмысы басқармасы бастығының телефон нөмірі берілді. Сұрақ қойған барлық азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды.

Жұмысшы кентінің тұрғындары қар тазалау мәселесіне алаңдаушылық танытып отыр. Жалғызбасты ана Орынтай Серікбаева Украинская көшесінің бойындағы жеке үйінің алаңындағы қарды тазалап беруді сұрады. Зейнеткердің бұл өтінішін жас полицейлер орындамақ. Тұрғындардың абаттандыруға, қаңғыбас иттерді аулауға және қоқыс жәшіктерінің аздығына қатысты сұрақтары бақылауға алынды. Сондай-ақ, автобустың бағытын ұзартуға көмектесуді өтінгендер де болды.

Облыстық полиция департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Динара Қожантаеваның айтуынша, азаматтарды қабылдаудың жаңа форматы ведомство жұмысының ашықтығын көрсетеді. Өткен жылы департамент бастығы ауылдық округтерде 30 кездесу өткізіп, оған бес мыңнан астам тұрғын қатысқан болатын.

Берік Біләловтің кезекті қабылдауы 19 ақпан күні Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp