«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ КЕШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертең Петропавлдағы Жастар сарайында қазақтың көмейіне бұлбұл ұялаған әншісі, дәстүрлі ән өнерінің насихаттаушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Ерлан Рысқалидың “Өзім туралы” атты шығармашылық кеші өтеді. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында ұйымдастырылмақ.

Өз елімізбен қатар шетелдерде дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттап жүрген әнші Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның және Ұлы Абайдың әндерін орындайды. Кешке облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары да қатысады.

Дәстүрлі әнші былтыр Ұлыбританияда ұлы Абайдың өлеңдері мен бір топ қазақ сал-серілерінің терме-толғауларын күйтабаққа топтастырып шығарғаны мәлім. Оған, сондай-ақ, ақын-композиторлардың жаңа буынының, әрі автордың өзінің де жеке туындылары енгізілген. Ерлан Рысқали жеке концертінде осы күйтабаққа енген шығармаларды да орындамақ.

 Гүлбике КУБЕНОВА.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp