«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН САЙТ ЖАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық прокурорлардың араласуымен ел аумағында есірткі саудалап келген сайт жабылды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг барысында республика аумағында еш кедергісіз жұмыс істеп келген сайтты анықтаған.

Сайтқа кірушілерге «спайс», «амфетамин», «гаш», «мефедрон» сияқты есірткінің көптеген түрлерін сатып алу ұсынылған.  «Bitcoin», «Litecoin», «Payeer» немесе «Qiwi» интернет-әмияны арқылы есеп айырысқаннан кейін сатып алушыға есірткінің қайда жасырылғаны айтылады. Ал, бұл сайтты жарнамалаған сілтемелер Петропавл қаласындағы кей ғимараттардың қабырғаларынан табылды. Сайттың жұмысын заңсыз деп тауып, ел аумағындағы қызметін тоқтатып, олардың өнімдерінің таралуына жол бермеу үшін облыстық прокуратура Петропавл қалалық сотына арызданды. Ақпанның 7-сі күні олардың арызы толығымен қанағаттандырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp