Өңіріміздің тәртіп сақшылары Көкшетау қаласындағы әріптестеріне бірнеше қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздеп табуға көмектесті.
Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғынына электр аспаптарын және құрылыс алаңдарындағы материалдарды қолды қылды деген айып тағылды. Ол сот отырысына дейін қаладан шықпау туралы қолхат жазғанына қарамастан, полицейлерден бой тасалаған. Өткен жылдың желтоқсан айында күдіктіге іздеу жарияланды.
Тәртіп сақшылары оның жүрген жерін анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.
Жыл басынан бері іздеу жарияланған алты азаматтың бесеуінің жүрген жері анықталды.
Ерлан МАХМЕТОВ, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.