Енді бірқатар мемлекеттік қызметтерді «Касса 24» терминалдарынан да алуға болады.
Бұл терминалдар арқылы мекенжай анықтамасы, адамның сотты болғаны туралы құжат, зейнетақы және жылжымайтын мүлік туралы анықтамалар беріледі. Ол үшін азаматтар терминалдан өзіне қажетті құжатты алып, өзінің электронды поштасына жібереді. Сөйтіп, құжатты үйде қағазға басып шығаруға болады. Қазір еліміздегі дүкендерде осындай 15 мың терминал жұмыс істейтін көрінеді.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің біраз бөлігі электронды форматқа ауыстырылды. Енді аталған қызметтердің арналарын кеңейту міндеті қойылып отыр.Осыған орай, бірнеше мемлекеттік қызметті аталмыш терминалдар арқылы іске қосу туралы шешім қабылданған.
https://www.inform.kz/kz/duken-terminaldarynda-memlekettik-kyzmettin-kay-turin-aluga-bolady_a3499434