«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысқан Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясында халық қалаулылары аудан әкімінің лауазымына ұсынылған Нұрлан Кеңесовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Одан кейін Айдарбек Сапаров актив жиналысында Тимирязев ауданының бұрынғы әкімі, бүгінгі күні Есіл ауданының әкімі болып тағайындалған Ербол Сағдиевке алғысын жеткізіп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Нұрлан Маратұлының тәжірибесі мол екенін айтып, ауданды дамытатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, жаңа басшының алдына ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды дамыту, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту салаларына қатысты маңызды міндеттер қойды.

– Денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлу керек. Ауданның медициналық қызмет көрсету сапасына көптеген шағымдар түседі. Ауылдық округтерді медициналық пункттермен жабдықтап, мамандар тапшылығын шешу керек. Ауданда бүгінде төрт дәрігер жетіспейді, сіз елордада жұмыс істедіңіз, маманды Астанадан шақыруыңызға болады. Жәрдемақысын, тұратын үйін беріңіз, – деді Айдарбек Сейпілұлы.

Бүгінде облыстағы орташа еңбекақы 110 мың теңге болса, бұл ауданда 96 мың теңге ғана. Сондықтан Айдарбек Сапаров аудан басшысына жалақыны көтеру қажеттігін ескертті.

Нұрлан Маратұлы өз кезегінде сенім үдесінен көрініп, адал қызмет етуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Нұрлан Маратұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн менеджмент және көлiк басқару, ұйымдастыру инженерi мамандығы бойынша тамамдаған. “Болашақ” бағдарламасы бойынша “Imperial College London” университетiнде бiлiм алған. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын тамамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысындағы инженерлiк-техникалық орталықтың инженерi болып бастады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сарапшысы қызметiнен стратегиялық жоспарлау департаментi директорының орынбасары лауазымына дейiн өстi.

Әр жылдары “Нұр Отан” партиясы орталық аппаратының инновациялық комитетi төрағасының орынбасары, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары қызметтерiн атқарды.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң стратегиялық жоспарлау департаментiнiң директоры болып қызмет iстедi.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp