«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛСІЗ ЖАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың соңы сан соқтыратыны белгілі. Өткен жылы өңір аумағында 742 өрт тіркелді. Соның салдарынан 37 адам қаза тауып, материалдық шығынның мөлшері 102 миллион теңгені құрады. Құтқарушылар 1174 азаматты қауіпсіз жерге шығарып, 478 млн. теңгенің материалдық құндылықтарын сақтап қалды.

Өрттердің 223-і – облыс орталығына, 61-і – аудан, ауылдарға тиесілі. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, өрттің шығуына негізінен электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуда. Сонымен қатар жерлестеріміз көп жағдайда пешті қараусыз қалдырып, электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Келеңсіз жағдайлар қайталанбауы үшін тұрғындар пеш пен электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істейтіндігін мұқият тексерулері тиіс. Аузы дұрыс жабылмайтын, жарықшақтары бар пешті пайдалануға болмайды. Оның алдындағы ағаш сәкіге шоқ түсіп кетпес үшін ауданы 0,5х0,7 метр болатын қаңылтыр төсеген абзал. Сондай-ақ, пештегі отынды жағу үшін бензин, керосин құюға, үстіне, жанына киім, отын, тағы басқа заттарды кептіруге, жиһаздарды жа­қын қоюға тыйым салынады. Пешті қадағалауды кішкентай балаларға тапсырудың да жауапсыздық екенін түсіну керек.

Өрттің алғашқы белгілері анықталған жағдайда “101”, “112” телефондарына хабарласуға болады.

Ғабит ИБРАЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp