Ел Үкіметі 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады.
Биыл бағдарлама аясында қосымша 10 миллиард теңге бөлінбекші. Оның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады.
Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады.
4 пайыздық автонесие бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Осылайша 13 245 отандық автокөлік жеңілдетілген несиеге сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді.
https://www.inform.kz/kz/4-payyzdyk-avtonesie-ukimet-kosymsha-karzhy-boldi_a3499619