«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

4 ПАЙЫЗДЫҚ АВТОНЕСИЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Үкіметі 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады.

Биыл бағдарлама аясында қосымша 10 миллиард теңге бөлінбекші. Оның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады.

Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары  жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады.

4 пайыздық автонесие бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Осылайша 13 245 отандық автокөлік жеңілдетілген несиеге сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді. 

 https://www.inform.kz/kz/4-payyzdyk-avtonesie-ukimet-kosymsha-karzhy-boldi_a3499619

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp