«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2019

ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Кеше Қызылжар ауданындағы Архангелка селосының маңында үлкен жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Бельгиядан Көкшетаудағы бір кәсіпорынға 20 тонна гербицид әкеле жатқан Беларусь азаматы машинаның руліне ие бола алмай қалған екен. Қиындыққа тап болған  шетелдік жүргізушіге солтүстікқазақстандық құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған топ көмекке келді. Сөйтіп, жүгі ауыр машинаны екі бірдей «К-700» …

ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ҚҰТҚАРЫЛДЫ Read More »

АУЫЛ БЮДЖЕТІ БАҚЫЛАУДА

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын өңірімізде жүзеге асыру үшін жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бұл жалпыхалықтық іске тұрғындарды да қатыстыру маңызды болып саналады. Осы мақсатта агенттік былтыр “Қоғамдық бақылау картасы” жобасын іске қосқан болатын.

БІТІМГЕРЛІК — СОТҚА БЕДЕЛ

Жоғарғы соттың төрағасы биылғы жылды сот төрелігінің сапасын жақсарту жылы деп жариялаған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ КЕШІ

Ертең Петропавлдағы Жастар сарайында қазақтың көмейіне бұлбұл ұялаған әншісі, дәстүрлі ән өнерінің насихаттаушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Ерлан Рысқалидың “Өзім туралы” атты шығармашылық кеші өтеді. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында ұйымдастырылмақ. Өз елімізбен қатар шетелдерде дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттап жүрген әнші Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің …

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ КЕШІ Read More »

ТЫҢ ЖОБАЛАР — ІСКЕ СЕРПІН

2018 жыл облысымыз үшін табысты болды. Өйткені, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші артып, кәсіпкерлік саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізілді, халықтың әлеуеті көтерілді. Облысымызда инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫ СЕРГЕЛДЕҢГЕ САЛҒАН

Газетіміздің WHATSAPP желісіне шешімін таппай отырған мәселесін айтып, көмек сұрағандардың бірі – Айыртау ауданы Дәуқара ауылының тұрғыны Динара Нүрпейісова. Хатта көпбалалы ана былтырдан бері Күміс алқаға қол жеткізе алмай отырғанын жазған. Динара Таңатқызы 2018 жылдың 26 наурызында, яғни кенжесі бір жасқа толған соң Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округі әкімдігіне құжаттарын тапсырғанымен, бүгінгі күнге дейін мардымды …

КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫ СЕРГЕЛДЕҢГЕ САЛҒАН Read More »

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысқан Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясында халық қалаулылары аудан әкімінің лауазымына ұсынылған Нұрлан Кеңесовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Одан кейін Айдарбек Сапаров актив жиналысында Тимирязев ауданының бұрынғы әкімі, бүгінгі күні Есіл ауданының әкімі болып тағайындалған Ербол Сағдиевке алғысын жеткізіп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Нұрлан Маратұлының тәжірибесі мол екенін айтып, ауданды дамытатынына …

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ Read More »

АМЕРИКАЛЫҚТАР ТАРТУЫ

“Жаһандық ядролық қауіпсіздік” халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан әскери институтына екі жаңа электронды тир орнатылды. Заманауи қондырғыларды табыс етуге Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің жанындағы қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры, подполковник Стивен Колдер бастаған топ пен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов келді.

АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өшкенімізді жаңғыртып, жоғалтқанымызды түгендеп, алдағы дамуымызға бағыт-бағдар берген “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласы – қоғамға ерекше серпіліс әкелген маңызды құжат.

БАСТЫ ҰСТАНЫМ — АШЫҚТЫҚ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов Петропавл қаласы шағынаудандарының тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге келе алмағандар әлеуметтік желі арқылы сауал жолдады.