«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЛДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылған бәсекеге жетпістен астам балуан қатысты.

Жарыс бағдарламасына сәйкес спортшылар жеті салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 46, 51, 72 килограмм салмақ дәрежелерінде Шал ақын ауданының өкілдері Диас Қариполлинов, Дамир Қариполла және Жансерік Қуанышев жеңіске жетті. Ал 57, 64, 81, 81+ килограмм салмақ дәрежелерінде Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Диас Қожахметов, Диас Әбілқайыров, Дамир Дайрабаев және Даниал Өміртай топ жарды.

Жеңімпаздар үстіміздегі жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp