«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.02.2019

ҚОРЖЫНДА – ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында Орталық Азия семсерлесу конфедерациясының бірінші ашық чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Ауғанстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және еліміздің спортшылары қатысты. 

СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Петропавл қалалық сотында “Ударник” түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты қылмыстық істің нүктесі қойылды. Мас күйде рөлге отырып, 22 жастағы Татьяна Балабанды және 25 жастағы Ксения Овсянникованы соғып кетті деп айыпталған ол соттың шешімімен кінəлі деп танылды. Сот қауіпсіздік деңгейі төмен түзету мекемесіне, яғни қоныс колониясына төрт жылға …

СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Read More »

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру маусымы басталады. Биылғы көктем айларында бір мыңға жуық солтүстікқазақстандық бозбала сардар атанады.      

ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Былтыр облыста 47 адамға іздеу жарияланса, соның 38-і табылды. Олардың қатарында өткен жылдары ұшты-күйлі жоғалған 11 адам бар. Ал жыл басынан бері тәртіп сақшылары 8 адамға іздеу жариялап, алтауының жүрген жерін анықтады. Олардың екеуі – өткен жылы жоғалғандар. Сондай-ақ, бүгінде өткен жылдары іздеу жарияланған төрт адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

САРБАЗ АТАНАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру маусымы басталады. Биылғы көктем айларында бір мыңға жуық солтүстікқазақстандық бозбалалар сарбаз атанады.

ТАБИҒИ ӨСІМ АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, бүгінде өңір халқының саны 554 мың 500 адам. Оның 300 мыңнан астамы – ауыл тұрғындары. Былтырғы қаңтар мен желтоқсан айлары арасындағы халықтың табиғи өсімі 626 адамды құрайды. Есепті кезеңде өңірімізде 7200-ге жуық нәресте дүниеге келген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға кем. Осы уақыт аралығында көз жұмғандардың саны да 1,8 пайызға …

ТАБИҒИ ӨСІМ АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары бірнеше жылдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер тізіміне алынған төрт тұрғынға іздеу салды.

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде “Мемлекеттік саясаттың басымдығы – жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Шараны аталмыш колледж ұжымы мен қалалық жастар ресурсы орталығы ұйымдастырды. “Дөңгелек үстел” басында колледж студенттері отбасы құндылықтарының маңыздылығы жайында ой қозғады. Облыстық мәслихаттың депутаты Екатерина Старостина бала тәрбиесіндегі ата-ана рөліне тоқталды. Оның пікірінше, әр ата-ана …

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Read More »

РЕДАКЦИЯ ҚОНАҒЫ – ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ

«Солтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы бүгін танымал журналист, сазгер, әнші Шашубай Малдыбаевпен кездесті. Алдағы жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған газетте 1971 жылы еңбек жолын бастаған Шашубай Малдыбаев  – Қызылжар өңірінің жұртшылығына сан қырлы талант иесі  ретінде кеңінен танымал тұлға. Шығармашылық ұжыммен жүздесу барысында өскен ортасы, ата-анасы, өмір жолы, шығармашылығы туралы әсерлі әңгіме айтылып, жаңа …

РЕДАКЦИЯ ҚОНАҒЫ – ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ Read More »