Өңірімізде қызылша ауруын жұқтырған 64 адам тіркелді. Ауруға шалдыққандардың дені – ересектер.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов қызылшамен ауырғандардың 44 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болса, қалғаны ересектер екенін айтты.
– Сырқаттар саны соңғы 15 жылда алғаш рет орташа көрсеткіштен асты. Аурумен күресу үшін тиісті шаралар қолға алынды. Қызылша дертін таратпау және жою мақсатында штаб құрылды, – деді ол.
Мамандардың айтуынша, Еуропаның көптеген елдерінде қызылша ауруының белең алуына осы дертке қарсы екпенің қойылмағаны себеп болған.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.