«Солтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы бүгін танымал журналист, сазгер, әнші Шашубай Малдыбаевпен кездесті. Алдағы жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған газетте 1971 жылы еңбек жолын бастаған Шашубай Малдыбаев – Қызылжар өңірінің жұртшылығына сан қырлы талант иесі ретінде кеңінен танымал тұлға. Шығармашылық ұжыммен жүздесу барысында өскен ортасы, ата-анасы, өмір жолы, шығармашылығы туралы әсерлі әңгіме айтылып, жаңа әндері орындалды. Бұл кездесу туралы газетіміздің жақындағы санында оқи аласыздар.