Ертең Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында облыстық «Солтүстік» қысқы спорт мерекесінің сайыстары басталады.
Ойынның салтанатты ашылуы кешке «Ақ бидай» стадионында өтеді. Жарыс бағдарламасы бойынша аудандардың құрама командалары 4 күн бойы шаңғы, шайбалы хоккей, шорт-трек және басқа спорт түрлері бойынша жарысады.