«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік сала мамандарымен бірлесе ардагерлер ұйымдары қарттардың өмір сүру жағдайын үнемі назарда ұстайды.

Өткен жарты жылдықта 783 зейнеткер санаторлық-курорттық емдеу жолдамасын алды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерін, тыл еңбеккерлері мен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында облыста қайырымдылық сенбіліктері өтті. Соның нәтижесінде 537 ескерткіш қалпына келтіріліп, аумағы абаттандырылды. Қайырымдылық шарасынан түскен 65 миллион теңге соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлерін құттықтауға және материалдық қолдауға зәру зейнеткерлерге көмек көрсетуге жұмсалды.    Сондай-ақ, облыста 3 мыңнан астам жалғызбасты қарт әлеуметтік сала мамандарының қамқорлығына алынған. Жалпы қазіргі күні Қызылжар өңірінде 103520 зейнеткер бар. Олардың 94-і соғыс ардагері болса, 8277-сі тыл еңбеккері.

Бұл туралы бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің алқа отырысында айтылды. Жиын барысында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алда тұрған ауқымды міндеттер сараланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp