Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында Орталық Азия семсерлесу конфедерациясының бірінші ашық чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Ауғанстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және еліміздің спортшылары қатысты.
Бәсі биік додада ел намысын Петропавл қаласындағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің төрт спортшысы үш күнге созылған дода барысында қатысушылар қылыш, рапира және семсер қаруын қолданудан өткізілген жекпе-жектерде кіл мықтыны анықтады.
Сайыс қорытындысы бойынша Денис Анацко рапира бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Қазіргі уақытта солтүстікқазақстандық семсерлесушілер наурыз айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына қызу дайындалуда.
Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,
“Soltústіk Qazaqstan”.