«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТТАР САНЫ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде қызылша ауруын жұқтырған 64 адам тіркелді. Ауруға шалдыққандардың дені – ересектер. 

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов қызылшамен ауырғандардың 44 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болса, қалғаны ересектер екенін айтты. 

– Сырқаттар саны соңғы 15 жылда алғаш рет орташа көрсеткіштен асты.  Аурумен күресу үшін тиісті шаралар қолға алынды. Қызылша дертін таратпау және жою мақсатында штаб құрылды, – деді  ол.

Мамандардың айтуынша, Еуропаның көптеген елдерінде қызылша ауруының белең алуына осы дертке қарсы екпенің қойылмағаны себеп болған. 

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, 

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp