Былтыр облыста 47 адамға іздеу жарияланса, соның 38-і табылды. Олардың қатарында өткен жылдары ұшты-күйлі жоғалған 11 адам бар. Ал жыл басынан бері тәртіп сақшылары 8 адамға іздеу жариялап, алтауының жүрген жерін анықтады. Олардың екеуі – өткен жылы жоғалғандар.
Сондай-ақ, бүгінде өткен жылдары іздеу жарияланған төрт адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.