«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРМАНШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білікті маман кез келген саланың қозғаушы күші саналады. Орман шаруашылығын дамыту үшін де еңбек ресурстарының маңызы зор. Осы мақсатта Мамлют орман шаруашылығында орман күзетінің қызметкерлеріне арналған дәрістер өтуде.

Облыс бойынша 35 қорықшы қатысып жатқан дәрістер күн сайын сегіз сағат бойы өткізіледі. Шараның мақсаты – қорықшылардың кәсіби біліктіліктерін арттыру. Бір айға созылатын шара барысында қатысушыларға “Ормандардағы өрт қауіпсіздігінің ережелері”, “Ормандарда ағаш өсірудің ережелері”, “Мемлекеттік орман қорының аумақтарындағы кесілетін ағаштарды дайындаудың және кесудің тәртібі”, “Санитарлық ережелер”, “Қазақстан Республикасының орман заңнамасындағы бұзушылықтар, кесінділерді, тәлімбақтарды және кесуге қалдырылған алаңдарды түгендеудің тәртібі”, “Орманды ағаштары жоқ жерлерге көшірудің тәртібі, тұқымдарды әзірлеу, қайтадан өңдеу, сақтау мен пайдаланудың тәртібі” және “Еңбек кодексі” деген тақырыптарда дәрістер оқылатын болады.

Бүгінгі таңда қорықшыларға арналған мұндай пайдалы шара еліміздің әр өңіріндегі орман шаруашылықтарында ұйымдастырылуда.

Полина КОСОУРОВА, Мамлют орман шаруашылығының инженері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp