«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ АЙДЫНДАРЫ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері жыл басынан бері су қоймаларының жағдайын қадағалау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бұл шаралар барысында судың оттегімен қаншалықты байытылғаны тексерілді.

Бұл шаралар дәстүрлі түрде қыс мезгілінде әр он күн сайын өткізіледі. Егер су қоймасынан иіс шығып, шұңқырларда балықтардың жиналуы және көбіктің пайда болуы сияқты оттегі жетіспеушілігінің белгілері байқалған жағдайда біздің мамандар мұзды ойып, ауа жіберу шараларын қолға алады.

Жануарларға қамқорлық жасау әрбір адамның, әсіресе, табиғатты қорғау саласында еңбек ететін қызметкерлердің міндеті екені белгілі. Балықтардың қырылуының алдын алуға бағытталған бұл жұмыстар қыс соңына дейін жүргізілетін болады.

Дмитрий БУТЕНКО, Қызылжар орман шаруашылығының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp