«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы Қазақстанда қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында скринингтік тексерулерге мемлекет қазынасынан 4,3 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде елімізде 181 мың адам қатерлі ісікпен күресуде. Біздің өңірімізде өткен жылдың соңында қауіпті дертке шалдыққан 9769 науқас тіркеуге қойылды. Соның ішінде он төрт жасқа толмаған тоғыз бала бар. Жалпы, облыста 59 бала обырға шалдыққан. Әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігіне шалдығушылар саны жыл сайын көбеюде. Сондай-ақ, қалқанша безінің обыры, бүйрек, жатыр мойны қатерлі ісігі де жиі кездеседі.

Өткен жылы облыста обырдан 619 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері онкологиялық аурулардың алдын алу үшін скринингтік тексерулерден өтуге кеңес береді. Ерте кезеңде диагностикалық тексерістен өтудің нәтижесінде емдеу шараларын тиімді жүргізуге болады. Мәселен, сүт безі қатерлі ісігінің бірінші кезеңінде аурудан толық айығуға мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, тұрғындар көп жағдайда өз денсаулықтарына мән бермей, уақыт оздырып алып жатады. Сондықтан денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, мүмкіндігінше дәрігерге жиі көріну қажет. Әсіресе, скринингтік тексерулерден өту керек. Биыл әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы онкологиялық скрининг өткізу үшін өңірдегі он сегіз медициналық ұйымға 168 миллион теңге бөліп отыр.

Анна ПЕНЬКОВА, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшысы.

Сурет интернеттен алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp