«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары түнгі уақытта көше кезгені үшін 187 ата-ана жауапқа тартылды. Бұл заң бұзушылықтар “Жасөспірім – заң – қауіпсіздік” жедел- алдын алу шарасы аясында анықталды.

Рейд барысында тұрмысы төмендер есебінде тұрған отбасылар тексерілді. Оларға Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік кодекстер мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, облыстағы білім беру ұйымдарында баспасөз мәслихаттары мен “дөңгелек үстел” отырыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдермен алдын алу әңгімелері жүргізілді. Қоғамдық орындарда заң бұзушылық үшін қарастырылатын жауапкершілік ескертілді.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары осындай жиырмаға жуық шара өткізді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге ішімдік сатқан – 15 және темекі өнімдерін саудалаған 7 дүкеннің иесі жауапқа тартылды. Балаларына тиісті тәрбие бермеген 79 ата-ана жазаланып, 26 отбасы есепке қойылды. Бүгінде балаларының тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 218 ата-ана есепте тұр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp