«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ДИПЛОМАТТАР ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Ресейдің Челябі мемлекеттік университетінде ТМД елдерінің оқушылары мен студенттері арасында ІІІ халықаралық дипломатиялық ойындар өтті. Дүбірлі додада бақ сынаған солтүстікқазақстандық өрендер жеңістің биік тұғырына көтерілді.

2016 жылы болашақ дипломаттардың қоғамдық қозғалысы ретінде қолға алынған бұл сайыс орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттердің назарын халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласына аударуға ден қойып отыр. Бұл зияткерлік жарысқа Кеңес Одағының Батыры М.Янко атындағы №1 Саумалкөл орта мектебінің 10-11-сынып оқушыларынан жасақталған команда осымен екінші жыл қатарынан қатысты.

Биыл дипломатиялық ойындар “Еуразиялық экономикалық одақ: проблемалар мен перспективалар” тақырыбында өтті. Бәсекеде Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген 46 команда төбе көрсетті. Команда мүшелері Дарья мен Даниил Михайленколар, Денис Павленко, Евгения Почепко, Кристина Акулова, Вадим Рябыкин мен Полина Скворцовалар “Әлемдік қоғамдастыққа үндеу” атты соңғы сында театрландырылған көркем-музыкалық қойылым қойды. Осылайша, мұнда тек қазақстандықтар ғана жоғары ұпайға ие болды. Сайыстың нәтижесінде жерлестеріміз бірінші орынды иеленіп, кубокты қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, оқушыларымызға Оңтүстік Орал мен Ильмен қорығына туристік жолдама табыс етілді.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp