«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкшетауда «Сал-серілер» сериясының екінші кітабы «Біржан сал» жинағы шығады.
Кітапты құрастырған жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев. Жалпы «Сал-серілер» сериясы 5 кітаптан тұрады. Оның біріншісі – «Ақан сері» жинағы өткен жылы шықты. «Біржан сал» жинағына Біржан салдың өлеңдері, айтыстары топтастырылып берілмек. Одан кейін шығатын үшінші жинақ Үкілі Ыбырайға, төртіншісі – Балуан Шолақ және бесіншісі Иманжүсіп Кұтпанұлының шығармашылығына арналмақшы.
https://www.inform.kz/kz/kokshetauda-birzhan-sal-zhinagy-shygady_a3500493