«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде өңірімізде өз кәсібін дөңгелетемін деген адамдардың саны көбейіп келеді. Жуырда олардың қатары 86 кәсіпкермен толықты. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында мемлекеттік гранттан үмітті жас кәсіпкерлердің өтініштері қаралды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы Александр Бердниченко өңірде кәсіпкерлік нысандарының саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көбейгенін айтты. Өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буып, өз ісін ашып жатқан азаматтардың басым бөлігі “Бастау” жобасының шапағатын көруде.

– Жоба аясында қолға алынған кәсіпкерлік негіздерін оқытуда Ақжар, Уәлиханов, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың тұрғындары белсенділік танытуда. Атап айтар болсақ, өткен жылы біздің палата мамандары “Бастау” жобасы аясында 2060 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне үйретті. Нәтижесінде қатысушылардың 57 пайызы бизнес-жобаларын сәтті қорғаса, 551 азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Сөйтіп, жерлестеріміз өз кәсібін ашу және оны кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Үстіміздегі жылы бұл мақсатқа 1189 грант қарастырылатын болады, – дейді комиссия төрағасы.

Қысқамерзімді оқу барысында тәжірибесі мол бизнес-жаттықтырушылар жоба қатысушыларына маркетинг, салық заңнамасы, құқықтық аспектілер бойынша дәрістер оқыды. Сондай-ақ, азаматтарға бизнес-жоспар әзірлеуге көмектесіп, қаржы алғанға дейін қолдау көрсетті, бизнесті жүргізу бойынша қол ұшын берді.

Петропавл қаласы мен төрт ауданнан келген жоба қатысушылары тарапынан қара мал, құс өсіру, құрал-жабдық сатып алу бойынша өтініштер түскен. Отырыс барысында комиссия мүшелері барлық 86 бизнес жобаға қатысты оң шешім қабылдады. Алдағы уақытта жас кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекет қаражаты берілетін болады.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp