«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАНИЯРДЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.
Америкалық “BoxRec.com” сайты-ның мәліметі бойынша отандасымыз үстіміздегі жылдың 15 наурызында АҚШ-тың Филадельфия қаласын-дағы “Liacouras Center” аренасында шаршы алаңға шығады.

Сегіз раунд-қа жоспарланған айқаста Данияр мек-сикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырықтаспақ.
29 жастағы Карлос Хименес отан-дасымыздан жеңіл, яғни 63,5 (140 фунт) килограмм салмақта жұдырық-тасады. Бірінші орта салмақтың әлем-дік рейтингінде ол 46-шы орында тұр. Ал Елеусінов жартылай орта салмақ дәрежесі 66,9 (147 фунт) бойынша 182-ші сатыға жайғасқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp