«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Петропавлда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың «Өзім туралы» деп аталған жеке концерті өтті.

Қазақ халық әндері мен халық композиторларының шығармаларын насихаттаушы, танымал дарын иесінің қызылжарлық  көрермендерімен кездесуі лекция-концерт түрінде өтті. Концерттік бағдарлама Сегіз серінің «Ғайни» әнімен ашылып, Ерлан Рысқали көптеген сал-серілердің туындыларын домбырада сүйемелдеп орындады. Әр әннің тарихы, оның авторы  туралы мол мағлұмат берілді. Бағдарламаның екінші бөлігінде облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы халық аспаптары оркестрінің және камералық  хордың сүйемелдеуімен көптеген әндер шырқалды. 3 сағатқа созылған концерт көрерменнің көңілінен шығып, әншінің иығына шапан жабылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp